"MUNAILY MEKEN" газеті: "Жарқын Болашақ" - жаңашыл білім дәстүрі
XVIII–XIX ғасырларда қазақ даласы біртіндеп Ресей империясының ықпалына енген тұста жергілікті билер мен старшындар қалыптасқан жағдайды терең бағамдап, жас ұрпақтың білім алуына жол ашудың маңызын ерте ұғынды. Сол себепті олар балаларын сол кездегі Орынбор мен Омбы қалаларында ашылған ірі білім орталықтарына жіберуге ұмтылды. Бұл – ел болашағын ойлаған ата-бабалардың даналығы мен көрегендігі еді.
Ғасырдан ғасырға ұласқан білім шырағының ізгілік жолы қазіргі таңда да жалғасын тауып отыр. Жастардың сапалы білім алуына қолдау көрсетіп, кәсіби маман ретінде қалыптастыру мақсатында бірқатар әлеуметтік бастамалар жүзеге асып келеді. Соның ішінде ерекше маңызға ие жобалардың бірі – «ҚазМұнайГаз» компаниясының қолдауымен және «Samruk-Kazyna Trust» қорының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Bilim Foundation» қорының «Жарқын Болашақ» білім беру бағдарламасы.
«Жарқын болашақ» бағдарламасы – тамыры тереңге тартқан Маңғыстау өңірінің кемел білім мен кенен ғылым құндылығының жаңа замандағы заңды жалғасы. Кезінде ата-бабаларымыз жас ұрпақтың білім алуына ден қойса, қазіргі уақытта маңызды миссияны ірі ұлттық компаниялар мен әлеуметтік қорлар жалғастырып отыр.
Білімге салынған инвестиция – ел болашағының кілті. Ал білімді, білікті жастар – мемлекеттің басты капиталы. Сондықтан «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен «SamrukKazyna Trust» қоры қолдау көрсетіп отырған «Жарқын болашақ» бағдарламасы Маңғыстау жастарының арманын орындап, мұрат-мақсатына қанат бітіретіні сөзсіз.
«AIQYN» ГАЗЕТІ: «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Жақында «Жарқын Болашақ» бағдарламасының елордада білім алып жатқан студенттерімен мотивациялық кездесулер өтті. «ҚазМұнайГаз» компаниясының адами ресурстар жөніндегі бизнес серіктесі Гүлшара Наушақызы мен Bilim Foundation қорының президенті Ерлан Аманжолұлы жиынға арнайы қатысып, бағдарлама студенттерімен пікір алмасып, оқу орындарының тыныс-тіршілігімен танысты.
«Ana tili» газеті: «Робот құрастырған ауыл баласының арманы»
«Жарқын Болашақ» бағдарламасының грант иегері Шапағат Қуантқан туралы мақала жарияланды. Алматы қаласындағы Digital колледжінің 2-курс студенті Шапағат Қуантқан қазіргі таңда «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында білім алуда.
Оның IT саласына келуі кездейсоқ немесе сәнге ерген таңдау емес. Бұл қызығушылық мектеп кезіндегі қарапайым үйірмеден басталып, бүгінгі таңда нақты мақсатқа айналды.
«Ana tili» газеті: «Жасанды интеллект: қауіп пе, мүмкіндік пе?»
«Ana tili» газеті: «Жасанды интеллект: қауіп пе, мүмкіндік пе?»
«Bilim Foundation» корпоративтік қорының президенті Ерлан Айтмұхамбет «Жарқын Болашақ» бағдарламасының негізгі мақсаты – жастарға уақытша көмек беру емес, елдің адами капиталына ұзақмерзімді инвестиция салу екенін атап өтті.
«ULT.KZ» интернет-басылымы: ЖҰМЫС ІЗДЕУШІ ЕМЕС, ЖҰМЫС ОРНЫН АШАТЫН ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСА МА?
Алматы қаласындағы Абай ұлттық мектебінде «Жарқын Болашақ» бағдарламасы аясында студенттермен ашық мотивациялық кездесу өтті. Қазақстанның адами капиталын дамытуға үлес қосу, жастардың білімге деген ынтасын арттыру және олардың кәсіби тұрғыда білікті маман болып қалыптасуына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға 250 студент қатысып жатыр. Осы орайда Ult.kz тілшісі іс-шараның спикері «Bilim Foundation» корпоративтік қорының президенті Ерлан Айтмұхамбетпен сұқбаттасты.
Туған жерімнен жаңа биіктерге
Маңғыстау облысынан 100-ден астам жас Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы колледждерде білім алуда. Олар техникалық, гуманитарлық, ауыл шаруашылығы және педагогикалық салалардағы сұранысқа ие мамандықтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларға дайындықты игеруде. «Жарқын болашақ» бағдарламасының арқасында маңғыстаулықтар үшін осы және басқа да дағдыларды игеру мүмкіндігі туды. Бүгінгі таңда біздің аймағымыздың студенттері тек оқуда ғана емес, сонымен қатар спорт пен мәдениетте де айтарлықтай жетістіктерге жетуде.
Маңғыстаулық жастар Қарағандыдағы колледждерде техникалық және медициналық мамандықтарды игеруде.
Қарағандыдағы колледждерде жүзге жуық маңғыстаулық білім алуда. «Жарқын болашақ» жобасы оларға осыған көмектесуде. Олар Қарағандыны бекер таңдамады: елдің ірі өнеркәсіптік орталығы техникалық және медициналық мамандарды даярлауда көшбасшы.
Елімізде 600-ден астам оқушы арнайы бағдарламамен білім алып жатыр
Маңғыстаулық 674 жасөспірім «Жарқын Болашақ» бағдарламасымен білім алып жатыр. Бұл туралы «Bilim Foundation» корпоративтік қорының баспасөз қызметі хабарлады.
Бағдарлама аясында конкурстық іріктеуден өткен өрендер еліміздің маңдайалды мектептері мен колледждерінде оқу мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі таңда олар 11 өңірдегі 57 білім беру ұйымында білімін жетілдіріп, ерік-жігері мен күш-қайратын өзін-өзі дамыту жолында сарп етеді.
Колледждерден бөлек IQANAT, Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебі, Абай атындағы Республикалық мамандандырылған мектеп-интернаты, Тараз қаласындағы 125 HIGH SCHOOL бар. Тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау мақсатында білім алу ақысы, жатақханасы, барып-келу жолы және жоғарылатылған шәкіртақы төлемдерінің барлығы қарастырылыпты.
Бағдарламаға 12-18 жас аралығындағы жастар қатыса алады, сонымен қатар мектеп бітіріп кеткен 18-22 жастағылар да білім алуына мүмкіндік беріледі. 15 жастан бастап колледждерге түсіп, белгілі бір салада жұмыс істеу үшін қажетті білімдер мен дағдыларды меңгереді. Олар құзіреттілігін арттыра отырып еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты тегін игере алады.
Үйлестірушілер оқушылар мен студенттердің теориялық білімінде анықталған кемшін тұстарын оқу процесінде түзету қажеттілігін айқындайды. Кез келген бала психологтың көмегіне жүгініп, іштегі толассыз сезімдер мен эмоциялармен бөлісе алады. Жақын арада грант иегерлерінің жағдайымен танысу үшін Алматы, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, СҚО іссапар ұйымдастырылды, - дейді «Bilim Foundation» корпоративтік қорының президенті Ерлан Аманжолұлы.
Айта кетейік, бағдарлама «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асып жатыр.
Жастарды адалдыққа тәрбиелейтін бағдарлама
Қазіргі таңда жұмыс берушілер әмбебап әрі кәсіби қызметкер іздейді. Еңбек нарығындағы талапқа сай болу үшін жастардың білімі мен біліктілігінің қатар дамуына мән беру керек. «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасына толық сай болу үшін «Жарқын Болашақ» бағдарламасы жастарды жан-жақты дамытып келеді. Осы жөнінде «Bilim Foundation» қорының жетекшісі Ерлан Аманжолұлымен сұхбаттасқан едік.
ТВ сюжеттері
«Жарқын болашақ» бағдарламасының игілігі
2024-04-03
«ҚазМұнайГаздың» «Жарқын болашақ» бағдарламасы өз жемісін бере бастады.
«Жарқын болашақ» бағдарламасының грантын 449 бала иемденді
2024-04-03
ҚазМұнайГаздың қаржыландыруымен жүзеге асқан «Жарқын болашақ» білім беру бағдарламасы аясында Маңғыстаулық 450-ге жуық бала элиталық білім алуда. Бұл жоба Ұлттық компанияның төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің тікелей бастамасымен жүзеге асты. Бүгінде жас өрендер республикадағы ең таңдаулы 33 білім ордасында оқып жатыр.
«Жарқын болашақ» бағдарламасының грант иегерлері және ата-аналарына арналған тікелей эфир
2023-09-25
«Жарқын Болашақ» бағдарламасының грант иегерлері мен олардың ата-аналарына тікелей эфирде кездесу өтті. Кездесу YouTube платформасында стрим форматында жүргізілді. Тікелей эфирдегі кездесуге 517 адам қатысты. Тікелей эфирді «Bilim Foundation» корпоративтік қоры президенті Айтмухамбетов Ерлан Аманжолұлы және «Жарқын болашақ» бағдарламасының координаторлары Закиров Мейрамбек Серікұлы мен Измурзаева Асем Усенқызы жүргізді. Кездесу мақсаты: «Жарқын Болашақ» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша грант иегерлері мен ата-аналарға ақпарат беру.
Хабар (КазМұнайГаз)
2023-10-15
Почти 450 талантливых детей со всего Казахстана стали участниками благотворительного проекта «Жарқын болашақ». Теперь они получают образование в лучших интеллектуальных школах и колледжах страны, передает корреспондент «Хабар 24». Расходы на себя берёт национальная компания «КазМунайГаз».
«Жарқын болашақ» қайырымдылық жобасының жәрмеңкесі
2023-11-30
Жаңаөзендегі оқушылар шығармашылық үйінде «Жарқын болашақ» қайырымдылық жобасының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Білім беру ұйымдары арасында өткен таныстырылымға ата-аналарымен жас қанаттардың қарасы қалың. Тегін оқуға кімдер түсе алады? Қанша түлекке мүмкіндік бар?
«Жарқын болашақ» жобасы аясында емтихан өтті
2023-11-30
«ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының қолдауымен «Жарқын болашақ» жобасы жүзеге асырылуда. Жаңаөзендегі дарынды оқушылардың еліміздің үздік оқу ордаларында тегін білім алуына мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында үміткерлер Алматы қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында оқу үшін емтихан тапсырды. Білім сынағына қаламыздан бөлек іргелес елдімекендерде барлық 31 оқушы қатысты. Тестілеу 25 сұрақ пен бірнеше мәтіннен құралған.
«Ой түйін» Қазақ Радиолары
2023-12-06
Қазақ радиосының «Ой-түйін» бағдарламасы «Жарқын болашақ – білімге салынған инвестиция» тақырыбына арналды. Оқушылар мен студенттерге арналған «Жарқын болашақ» бағдарламасы туралы талқыланып, өзекті сұрақтарға жауап берілді. "Bilim Foundation" корпоративтік қорының президенті Ерлан Айтмухамбетов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Корпоративтік қызметінің бас менеджері Алдаберген Кемпірбаев, "Жарқын болашақ" бағдарламасының жетекшісі Мейрамбек Закиров қонақта болды.
Подкаст қонағы «BILIM FOUNDATION»ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Айтмұхамбет Ерлан Аманжолұлы.
2023-12-21
"Bilim foundation" қорының президенті, заң ғылымдарының кандидаты Айтмұхамбетов Ерлан Аманжолұлымен болған сұқбатта өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбие беру ісіндегі ұстанымдар мен әдістер туралы және Қазақстандағы жастар мен жасөспірімдердің суицид мәселесі турасында сөз қозғалды. Мемлекеттің нығаюы жолында өзгерісті балаларға білім мен тәрбие беруден бастау қажеттілігіне арнайы тоқталды. Бала тәрбиесінде ұлттық идиология қажеттілігі және қандай формада болуы керек деген ойлар ашық айтылады.
«КазМунайГаз» второй год реализует проект «Жарқын болашақ»
2024-01-24
С начала учебного года по образовательному проекту «Жарқын болашақ» компании «КазМунайГаз» больше 400 старшеклассников из Мангистауской области получили полные гранты в ведущих колледжах и школах страны. Программа покрывает все расходы за обучение и питание участников, сообщает «24KZ».
«Жарқын Болашақ» жобасымен Маңғыстау облысының 400-ден астам оқушысы білім алуда
2024-01-24
Маңғыстау облысының 400-ден астам жоғары сынып оқушылары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы тікелей қаржыландыратын «Жарқын Болашақ» жобасымен еліміздің жетекші колледждер мен мектептерінде білім алып жатыр.









