Жарқын Болашақ
«Жарқын Болашақ» – Маңғыстау облысының жастарына арналған білім беру бағдарламасы. Бағдарлама жастарға тегін білім алу мүмкіндігін ұсынып, олардың кәсіби және жеке дамуына қолдау көрсетеді. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асып келеді. Бағдарлама екі бағыт бойынша жұмыс істейді: мектептерде оқуға арналған білім гранттары және колледждерде оқуға арналған білім гранттары.
Бағдарлама артықшылықтары
- Қазақстанның үздік колледждері мен мектептерінде білім алу;
- тегін оқу және жатақхана;
- жоғарылатылған шәкіртақы;
- белгіленген көлемдегі жол шығындары;
- кәсіби және жеке даму мүмкіндіктері;
- кәсіби бағдар беру;
- менторлар қолдауы;
- психологиялық қолдау.
Бағдарламаға 12-22 жас аралығындағы Жаңаөзен қаласы мен және Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия, Мұнайлы, Бейнеу аудандарының жастары қатыса алады. Бағдарлама аясында Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Тараз, Семей, Көкшетау, Өскемен, Петропавл қалаларындағы оқу орындарына түсуге болады. Бағдарлама қатысушылары гуманитарлық, спорттық, техникалық, экономикалық және өнер бағыттары бойынша, сондай-ақ медицина саласында білім ала алады. Жалпы алғанда «Жарқын Болашақ» аясында 100-ден астам мамандық ұсынылған.
Өтінім беруОқу жылы бойынша мәлімет
БІЗДІҢ ҰЖЫМ

Ерлан Аманжолұлы Айтмұхамбет
«Bilim Foundation» корпоративтік қорының президенті

Назерке Дабыл
«Жарқын болашақ» бағдарламасының жетекшісі

Асылжан Әділбекқызы Дильжанова
Үйлестіруші
Анаргүл Серікқызы
Үйлестіруші

Ажар Ержанқызы Құдайберген
Үйлестіруші

Дәурен Жұмабекұлы Сәтберген
Үйлестіруші

Айдана Әділбекқызы Мақсұт
Үйлестіруші
Өтінім беру
Өтінім беру үшін ең алдымен мамандықты, білім беру ұйымын дұрыс таңдау қажет. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасымен және жатақхана жағдайымен толықтай танысып алғаныңыз дұрыс. Сонымен қатар өтінім беру үшін қажетті құжаттарды PDF форматында алдын ала дайындап алғаныңыз жөн. "Жарқын Болашақ" бағдарламасына өтінім қабылдау мерзімі zharqynbolashaq.kz сайтында және Instagram желісіндегі @zharqyn__bolashaq парақшасында жарияланады.
Өтінім беру