Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ-Жауап

Бағдарламаға кім қатыса алады?

Бағдарламаға Жаңаөзен қаласы, Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау, Бейнеу және Мұнайлы аудандарының мектептерінде оқитын немесе бітірген 12-22 жас аралығындағы жастары қатыса алады.

Бағдарлама аясында грант иегерлеріне қандай мүмкіндіктер беріледі?

Грант иегерлеріне ұсынылатын мүмкіндіктер:

  1. Оқу мен жатақхана ақысын қаржыландыру;
  2. Жоғарылатылған шәкіртақы;
  3. Белгіленген көлемдегі жол шығындары;
  4. Кәсіби бағдар беру;
  5. Жан-жақты дамуына қолдау көрсету;
  6. Оқу үлгерімі мен тәртібін қадағалау;
  7. Туындаған мәселелердің шешу жолын көрсету;
  8. Психологиялық көмек;
  9. Еліміздің алдыңғы қатарлы білім беру ұйымында білім алу.

 

Грант иегері атану үшін не істеу керек?

Бағдарламаның грантына ие болу үшін мына кезеңдерден сәтті өту керек:

  1. zharkynbolashaq.kz сайтына тіркеліп, ӨТІНІМ БЕРУ батырмасын басып, сауалнамадан өтесіз.
  2. Сауалнамада көрсетілген мәлімет бағдарлама талаптарына сай болған жағдайда талапкер екінші кезеңге, яғни сұқбатқа шақырылады.
  3. Сұхбаттан сәтті өткен талапкер мамандығына сәйкес бағдарламаға енген өңірлердегі білім беру ұйымын таңдап, құжат тапсырады.

ЕСКЕРТУ: қажет болған жағдайда білім беру ұйымының ережесіне сәйкес іріктеу емтиханынан өту керек.  Барлық кезеңнен сәтті өтіп, білім беру ұйымы құжатын қабылдағанын растайтын анықтама берген жағдайда "Жарқын Болашақ" бағдарламасының грант иегері" атанады.

Өтінім беру қашан басталады?

"Жарқын Болашақ" бағдарламасына өтінім қабылдау мерзімі zharqynbolashaq.kz сайтында және Instagram желісіндегі @zharqyn__bolashaq парақшасында жарияланады.

Өтінім беру үшін не істеу керек?

Өтінім беру үшін ең алдымен мамандықты және білім беру ұйымын таңдау қажет. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы және жатақхана жағдайымен толықтай танысқаныңыз жөн. Сонымен қатар өтініш беру үшін қажетті құжаттарды алдын ала PDF форматында дайындап алу керек.

Өтінім беру үшін қандай құжаттар керек?

Өтінім беру үшін мына құжаттар қажет:

  1. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі болмаған жағдайда туу туралы куәлігі);
  2. Заңды өкілінің жеке куәлігі;
  3. Бар болса, әлеуметтік жағдайын растайтын анықтама (көп балалы отбасы, толық емес отбасы, аз қамтылған отбасы, отбасы мүшесінің мүгедектігін растайтын анықтама);
  4. Аттестат (болмаған жағдайда білім беру ұйымының мөрі қойылған соңғы жылдың табелінің көшірмесі);
  5. 3х4 см көлеміндегі фотосурет. Ескерту: барлық құжат PDF форматында болуға тиіс.

Үміткер мен заңды өкілдің жеке басын куәландыратын және әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттарды Halyk Bank немесе Kaspi.kz қосымшасындағы "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінен алуға болады. Аттестат болмаған жағдайда оқу орнының әкімшілігінен мөр қойылған соңғы жылдың табелінің көшірмесін оқу орнының әкімшілігінен алу қажет.

 

Бағдарлама аясында қандай оқу орнына түсуге болады?

Бағдарлама грант иегерлері zharqynbolashaq.kz сайтында көрсетілген оқу орындарына түсе алады.

Грант иегерлерінің тізімі қайда жарияланады?

"Жарқын Болашақ" бағдарламасы грант иегерлерінің тізімі zharqynbolashaq.kz сайтында және Instagram желісіндегі @zharqyn__bolashaq парақшасында жарияланады.

Грант иегері атанған соң не істеу керек?

Грант иегері атансаңыз, білім беру ұйымының және "Жарқын Болашақ"  бағдарламасының жауапты маманы байланысқа шығып, нұсқаулық береді.  Білім беру ұйымы сұраған құжаттарды жіберіп, жол жүру билетін сатып аласыз.  Сонымен қатар Halyk Bank-тен грант иегерінің атына 20 сандық шот ашып, PDF форматында билетпен бірге zh.bolashaq@gmail.com электрондық поштасына жолдайсыз.

Өтінім беру