«Жарқын болашақ» түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды
«Жарқын Болашақ» бағдарламасының 11 түлегі Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығының» мамандарымен жүздесіп, «Алғашқы жұмыс орны» және «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты» жобасымен танысып қайтты.
Кездесу барысында «Bilim Foundation» қоры «Еңбек мобильділігі орталығымен» меморандумға отырып, «Жарқын Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында келелі келіссөздер жүргізілді.
Оқу бітірер алдында бағдарлама түлектерін таңдаған мамандықтары бойынша практикалық дағдыларды игеруіне жағдай жасап, жыл бойы қолдау көрсетіледі. Демек жұмысқа қабылдауға дайын жұмыс берушілерді іздестіруге көмектеседі.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы еңбек жолын енді бастағалы жүрген оқу орындарының түлектеріне, яғни жұмыссыз жастарға арналады. Жобаға қатысу ұзақтығы 18 айдан аспайды. Осы аралықта жұмыс істеген уақыты еңбек өтілі ретінде есептеліп, 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 110 760 теңге жалақы беріледі. Оған қоса салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескереді», – деді «Еңбек мобильділігі орталығының» директоры Олжас Қобландыұлы.
Оның айтуынша, дәл осы жалақы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін «Жастар практикасы» жобасына да қатысуға болады. Бұл жобаның ұзақтығы 12 айдан аспайды. Егер меңгерген кәсібі бойынша жұмыс істеп, әлеуметтік төлемдер аударылған болса, онда жобаға қатыса алмайды. Оқу бітіргеннен кейін бес жыл ішінде жұмысқа орналаса алмаса, осы жоба арқылы арманына бір қадам жақындай алады.
Егер оқу бітіргеннен кейін мамандығыңыз бойынша үш жыл бойы жұмыс таппай сенделсеңіз, 6 айдан аспайтын «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысуға болады.
Шара соңында бітіруші түлектер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Сонымен қатар жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар мен шағын несие беру жолы да түсіндірілді.
Ал «Bilim Foundation» қорының президенті Ерлан Аманжолұлының айтуынша, «Жарқын Болашақ» бағдарламасын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры қолдау білдіріп келеді. Бағдарламаға Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарының жастары қатыса алады. Тек осы аудандарда оқитын өрендер ғана осы бағдарламаға қатысуға мүмкіндігі бар.
Өтініш бергеннен кейін іріктеуден өткендер мына өңірлердегі оқу орындарын таңдай алады: Астана, Қарағанды, Тараз, Алматы, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Семей. Грант иегерлеріне білім алу мен жатақхана ақысы, белгіленген көлемдегі жол шығындары, жоғарылатылған шәкіртақы қарастырылған.
«Қазіргі таңда бағдарлама аясында 67 түлек оқу орнын тәмамдағалы отыр. Егер колледжден кейін университетке түсе алмаса, жұмысқа орналасуына жағдай жасалады», – деді Ерлан Аманжолұлы.
Елордалық жастарға жеңілдетілген несие бағдарламасы түсіндірілді
Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Олжас Омар «Bilim Foundation» корпоративтік қорының «Жарқын Болашақ» бағдарламасы бойынша грант иегерлерімен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесу барысында жастарды жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру, жастарға жеңілдікпен несие беру, «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу және сондай-ақ жастарға берілетін шағын несие бағдарламасының шарты айтылды.
Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің Еңбек мобильділігі орталығы мен «Bilim Foundation» корпоративтік қоры арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. «Жарқын Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында келелі келіссөздер жүргізілді.
Оқу бітірер алдында бағдарлама түлектерін таңдаған мамандықтары бойынша практикалық дағдыларды игеруіне жағдай жасап, жыл бойы қолдау көрсетіледі.
Алғашқы жұмыс орны» жобасы еңбек жолын енді бастағалы жүрген оқу орындарының түлектеріне, яғни жұмыссыз жастарға арналады. Жобаға қатысу ұзақтығы 18 айға дейін жетеді. Осы аралықта жұмыс істеген уақыты еңбек өтілі ретінде есептеліп, 30 айлық есептік көрсеткіш, яғни 110 760 теңге жалақы беріледі. Оған қоса салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескереді, - деді «Еңбек мобильділігі орталығының» директоры Олжас Қобландыұлы.
Оның айтуынша, дәл осы жалақы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін «Жастар практикасы» жобасына да қатысуға болады. Бұл жобаның ұзақтығы 12 айға дейін созылады. Оқу бітіргеннен кейін бес жылда мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алады.
Колледжді бітіргеннен кейін үш жылда «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысуға болады. Осы жоба арқылы 6 айға дейін жұмыс істей алады. Сонымен қатар жеке бизнесін ашуға ынталы жастарға шағын несие беру жолы да түсіндірілді. Бұл жоба кәсіпкерлік қызметке тарту арқылы жастардың экономикалық белсенділігін арттыруды көздейді.
Кездесу барысында елордалық жастарға 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие берілетіні жайлы айтылды. Микрокредиттер 21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге арналған. Бастысы өтініш беруші жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Олар 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін кредит ала алады. Несиені 5 жылға дейін өтеуі қажет.
«Bilim Foundation» қорының президенті Ерлан Аманжолұлының айтуынша, «Жарқын Болашақ» бағдарламасын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры көлемді, ұзақ мерзімді қолдау білдіріп келеді. Бағдарламаға Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарының жастары қатыса алады. Іріктеуден өткендер мына өңірлердегі оқу орындарын таңдай алады: Астана, Қарағанды, Тараз, Алматы, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Екібастұз, Өскемен, Семей. Грант иегерлеріне білім алу мен жатақхана ақысы, белгіленген көлемдегі жол шығындары, жоғарылатылған шәкіртақы қарастырылған.
Қазіргі таңда бағдарлама аясында 674 грант иегері оқып жатыр. Биыл 67 түлек оқу орнын аяқтайды. Олардың 31-і мектеп бітерсе, 36 жасөспірім колледж тамамдайды. Олар университетке түсуіне де, жұмысқа орналасуына әбден болады, - деді Ерлан Аманжолұлы.
Шара соңында түлектер көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алды. Сондай-ақ балаларға жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу және әңгімелесуден дұрыс өту бойынша ұсыныстар берілді.
Гүлшара Әбдіқалықова Тараздағы білімді жастармен кездесті
«ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықова мен «Bilim Foundation» корпоративтік қорының президенті Ерлан Аманжолұлы Тараз қаласында оқып жатқан «Жарқын Болашақ» бағдарламасының грант иегерлерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жарқын Болашақ» бағдарламасы аясында 674 грант иегері білім алып жатыр. Ал 125 High school мектебіндегі «Жарқын Болашақ» бағдарламасының 59 грант иегерінің I тоқсан мен ІІ тоқсандағы оқу үлгерімін салыстырғанда 3,6%-ға жоғарылағаны анықталды. Ал 11-сыныпта білім алып жатқан 23 оқушының Ұлттық Бірыңғай Тестілеудің нәтижелерінің салыстырмалы қорытындысы бойынша 1 сынақ тестілеуінде оқушылардың орта балы 56,73 болса, 2 сынақ тестілеуінде орта балл 66,64-ке көтерілген. Бұл көрсеткіш оқушылардың қаншалықты алға ілгерілегенін көрсетеді.
Жиын кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықова бағдарлама грант иегерлерінің сұрақтарына толымды жауап беріп, еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар білім беру ұйымының материалдық жағдайы және жатақханасымен танысты.
Білімді жастардың қатары көбейсе, еліміз гүлденетіні анық. Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ маман. Егер мектеп табалдырығында жүргенде білімді бойларына сіңірсе, онда ол баладан бәсекеге қабілетті маман шығады. Өз ісінің шебері бола білсек, әлеуметтік-экономикалық жағдай да жақсара түседі. Сол арқылы елімізде экономикалық стагнация болмай, өсім болады,- деді Гүлшара Әбдіқалықова.
«Bilim Foundation» корпоративтік қорының президенті Ерлан Аманжолұлы оқушыларға еліміздің жарқын болашағын қалыптастыруда білім алудың маңызды екенін түсіндіріп өтті. Қазіргі таңда «Жарқын Болашақ» бағдарламасының грант иегерлері шәкіртақы алып, тегін оқып жатыр. Олардың оқу ақысымен қатар жол шығындары төленеді. Бағдарлама аясында жатақхана ақысы да қарастырылған.
Бағдарламаның 449 грант иегерін ҚазМұнайГаз тарапынан қаржыландырылса, 225-і Samruk-Kazyna Trust қолдау білдіріп келеді.
ТВ сюжеттері
«Жарқын болашақ» бағдарламасының игілігі
2024-04-03
«ҚазМұнайГаздың» «Жарқын болашақ» бағдарламасы өз жемісін бере бастады.
«Жарқын болашақ» бағдарламасының грантын 449 бала иемденді
2024-04-03
ҚазМұнайГаздың қаржыландыруымен жүзеге асқан «Жарқын болашақ» білім беру бағдарламасы аясында Маңғыстаулық 450-ге жуық бала элиталық білім алуда. Бұл жоба Ұлттық компанияның төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің тікелей бастамасымен жүзеге асты. Бүгінде жас өрендер республикадағы ең таңдаулы 33 білім ордасында оқып жатыр.
«Жарқын болашақ» бағдарламасының грант иегерлері және ата-аналарына арналған тікелей эфир
2023-09-25
«Жарқын Болашақ» бағдарламасының грант иегерлері мен олардың ата-аналарына тікелей эфирде кездесу өтті. Кездесу YouTube платформасында стрим форматында жүргізілді. Тікелей эфирдегі кездесуге 517 адам қатысты. Тікелей эфирді «Bilim Foundation» корпоративтік қоры президенті Айтмухамбетов Ерлан Аманжолұлы және «Жарқын болашақ» бағдарламасының координаторлары Закиров Мейрамбек Серікұлы мен Измурзаева Асем Усенқызы жүргізді. Кездесу мақсаты: «Жарқын Болашақ» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша грант иегерлері мен ата-аналарға ақпарат беру.
Хабар (КазМұнайГаз)
2023-10-15
Почти 450 талантливых детей со всего Казахстана стали участниками благотворительного проекта «Жарқын болашақ». Теперь они получают образование в лучших интеллектуальных школах и колледжах страны, передает корреспондент «Хабар 24». Расходы на себя берёт национальная компания «КазМунайГаз».
«Жарқын болашақ» қайырымдылық жобасының жәрмеңкесі
2023-11-30
Жаңаөзендегі оқушылар шығармашылық үйінде «Жарқын болашақ» қайырымдылық жобасының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Білім беру ұйымдары арасында өткен таныстырылымға ата-аналарымен жас қанаттардың қарасы қалың. Тегін оқуға кімдер түсе алады? Қанша түлекке мүмкіндік бар?
«Жарқын болашақ» жобасы аясында емтихан өтті
2023-11-30
«ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының қолдауымен «Жарқын болашақ» жобасы жүзеге асырылуда. Жаңаөзендегі дарынды оқушылардың еліміздің үздік оқу ордаларында тегін білім алуына мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында үміткерлер Алматы қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында оқу үшін емтихан тапсырды. Білім сынағына қаламыздан бөлек іргелес елдімекендерде барлық 31 оқушы қатысты. Тестілеу 25 сұрақ пен бірнеше мәтіннен құралған.
«Ой түйін» Қазақ Радиолары
2023-12-06
Қазақ радиосының «Ой-түйін» бағдарламасы «Жарқын болашақ – білімге салынған инвестиция» тақырыбына арналды. Оқушылар мен студенттерге арналған «Жарқын болашақ» бағдарламасы туралы талқыланып, өзекті сұрақтарға жауап берілді. "Bilim Foundation" корпоративтік қорының президенті Ерлан Айтмухамбетов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Корпоративтік қызметінің бас менеджері Алдаберген Кемпірбаев, "Жарқын болашақ" бағдарламасының жетекшісі Мейрамбек Закиров қонақта болды.
Подкаст қонағы «BILIM FOUNDATION»ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Айтмұхамбет Ерлан Аманжолұлы.
2023-12-21
"Bilim foundation" қорының президенті, заң ғылымдарының кандидаты Айтмұхамбетов Ерлан Аманжолұлымен болған сұқбатта өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбие беру ісіндегі ұстанымдар мен әдістер туралы және Қазақстандағы жастар мен жасөспірімдердің суицид мәселесі турасында сөз қозғалды. Мемлекеттің нығаюы жолында өзгерісті балаларға білім мен тәрбие беруден бастау қажеттілігіне арнайы тоқталды. Бала тәрбиесінде ұлттық идиология қажеттілігі және қандай формада болуы керек деген ойлар ашық айтылады.
«КазМунайГаз» второй год реализует проект «Жарқын болашақ»
2024-01-24
С начала учебного года по образовательному проекту «Жарқын болашақ» компании «КазМунайГаз» больше 400 старшеклассников из Мангистауской области получили полные гранты в ведущих колледжах и школах страны. Программа покрывает все расходы за обучение и питание участников, сообщает «24KZ».
«Жарқын Болашақ» жобасымен Маңғыстау облысының 400-ден астам оқушысы білім алуда
2024-01-24
Маңғыстау облысының 400-ден астам жоғары сынып оқушылары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы тікелей қаржыландыратын «Жарқын Болашақ» жобасымен еліміздің жетекші колледждер мен мектептерінде білім алып жатыр.

