ТВ сюжеттері

«Жарқын болашақ» бағдарламасының игілігі

2024-04-03

«ҚазМұнайГаздың» «Жарқын болашақ» бағдарламасы өз жемісін бере бастады.

«Жарқын болашақ» бағдарламасының грантын 449 бала иемденді

2024-04-03

ҚазМұнайГаздың қаржыландыруымен жүзеге асқан «Жарқын болашақ» білім беру бағдарламасы аясында Маңғыстаулық 450-ге жуық бала элиталық білім алуда. Бұл жоба Ұлттық компанияның төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің тікелей бастамасымен жүзеге асты. Бүгінде жас өрендер республикадағы ең таңдаулы 33 білім ордасында оқып жатыр.

«Жарқын болашақ» бағдарламасының грант иегерлері және ата-аналарына арналған тікелей эфир

2023-09-25

«Жарқын Болашақ» бағдарламасының грант иегерлері мен олардың ата-аналарына тікелей эфирде кездесу өтті. Кездесу YouTube платформасында стрим форматында жүргізілді. Тікелей эфирдегі кездесуге 517 адам қатысты. Тікелей эфирді «Bilim Foundation» корпоративтік қоры президенті Айтмухамбетов Ерлан Аманжолұлы және «Жарқын болашақ» бағдарламасының координаторлары Закиров Мейрамбек Серікұлы мен  Измурзаева Асем Усенқызы жүргізді. Кездесу мақсаты: «Жарқын Болашақ» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар бойынша грант иегерлері мен ата-аналарға ақпарат беру. 

Хабар (КазМұнайГаз)

2023-10-15

Почти 450 талантливых детей со всего Казахстана стали участниками благотворительного проекта «Жарқын болашақ». Теперь они получают образование в лучших интеллектуальных школах и колледжах страны, передает корреспондент «Хабар 24». Расходы на себя берёт национальная компания «КазМунайГаз».

«Жарқын болашақ» қайырымдылық жобасының жәрмеңкесі

2023-11-30

Жаңаөзендегі оқушылар шығармашылық үйінде «Жарқын болашақ» қайырымдылық жобасының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Білім беру ұйымдары арасында өткен таныстырылымға ата-аналарымен жас қанаттардың қарасы қалың. Тегін оқуға кімдер түсе алады? Қанша түлекке мүмкіндік бар?

«Жарқын болашақ» жобасы аясында емтихан өтті

2023-11-30

«ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының қолдауымен «Жарқын болашақ» жобасы жүзеге асырылуда. Жаңаөзендегі дарынды оқушылардың еліміздің үздік оқу ордаларында тегін білім алуына мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында үміткерлер Алматы қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында оқу үшін емтихан тапсырды. Білім сынағына қаламыздан бөлек іргелес елдімекендерде барлық 31 оқушы қатысты.  Тестілеу 25 сұрақ пен бірнеше мәтіннен құралған.

«Ой түйін» Қазақ Радиолары

2023-12-06

Қазақ радиосының «Ой-түйін» бағдарламасы «Жарқын болашақ – білімге салынған инвестиция» тақырыбына арналды. Оқушылар мен студенттерге арналған «Жарқын болашақ» бағдарламасы туралы талқыланып, өзекті сұрақтарға жауап берілді. "Bilim Foundation" корпоративтік қорының президенті Ерлан Айтмухамбетов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Корпоративтік қызметінің бас менеджері Алдаберген Кемпірбаев, "Жарқын болашақ" бағдарламасының жетекшісі Мейрамбек Закиров қонақта болды.

Подкаст қонағы «BILIM FOUNDATION»ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Айтмұхамбет Ерлан Аманжолұлы.

2023-12-21

"Bilim foundation" қорының президенті, заң ғылымдарының кандидаты Айтмұхамбетов Ерлан Аманжолұлымен болған сұқбатта өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбие беру ісіндегі ұстанымдар мен әдістер туралы және Қазақстандағы жастар мен жасөспірімдердің суицид мәселесі турасында сөз қозғалды. Мемлекеттің нығаюы жолында өзгерісті балаларға білім мен тәрбие беруден бастау қажеттілігіне арнайы тоқталды. Бала тәрбиесінде ұлттық идиология қажеттілігі және қандай формада болуы керек деген ойлар ашық айтылады.

«КазМунайГаз» второй год реализует проект «Жарқын болашақ»

2024-01-24

С начала учебного года по образовательному проекту «Жарқын болашақ» компании «КазМунайГаз» больше 400 старшеклассников из Мангистауской области получили полные гранты в ведущих колледжах и школах страны. Программа покрывает все расходы за обучение и питание участников, сообщает «24KZ».

«Жарқын Болашақ» жобасымен Маңғыстау облысының 400-ден астам оқушысы білім алуда

2024-01-24

Маңғыстау облысының 400-ден астам жоғары сынып оқушылары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы тікелей қаржыландыратын «Жарқын Болашақ» жобасымен еліміздің жетекші колледждер мен мектептерінде білім алып жатыр.

Өтінім беру