«ULT.KZ» интернет-басылымы: ЖҰМЫС ІЗДЕУШІ ЕМЕС, ЖҰМЫС ОРНЫН АШАТЫН ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСА МА?
Алматы қаласындағы Абай ұлттық мектебінде «Жарқын Болашақ» бағдарламасы аясында студенттермен ашық мотивациялық кездесу өтті. Қазақстанның адами капиталын дамытуға үлес қосу, жастардың білімге деген ынтасын арттыру және олардың кәсіби тұрғыда білікті маман болып қалыптасуына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға 250 студент қатысып жатыр. Осы орайда Ult.kz тілшісі іс-шараның спикері «Bilim Foundation» корпоративтік қорының президенті Ерлан Айтмұхамбетпен сұқбаттасты.
