Жарқын Болашақ

«Жарқын Болашақ» – Маңғыстау облысының жастарына арналған білім беру бағдарламасы. Бағдарлама жастарға тегін білім алу мүмкіндігін ұсынып, олардың кәсіби және жеке дамуына қолдау көрсетеді. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асады. Бағдарлама екі бағыт бойынша жұмыс істейді: мектептерде оқуға арналған білім гранттары және колледждерде оқуға арналған білім гранттары.

Кімге?

12–22 жас аралығындағы Маңғыстау облысының жастары

Қайда оқуға түсуге болады?

Колледж / Мектеп

Грант иегерлерінің саны

1100

Түлектер саны

287

Өтінім беру

Өтінім беру үшін ең алдымен мамандықты, білім беру ұйымын дұрыс таңдау қажет. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасымен және жатақхана жағдайымен толықтай танысып алғаныңыз дұрыс. Сонымен қатар өтінім беру үшін қажетті құжаттарды PDF форматында алдын ала дайындап алғаныңыз жөн. "Жарқын Болашақ" бағдарламасына өтінім қабылдау мерзімі zharqynbolashaq.kz сайтында және Instagram желісіндегі @zharqyn__bolashaq парақшасында жарияланады.

Өтінім беру

Жаңалықтар

Өтініш қалдыру