РФММ әлемдік деңгейдегі мектеп. Мектеп түлектері жауапты, креативті, сыни ойлауы дамыған, тұрақты құндылықтары бар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген азаматтар. Біздің түлектер біртұтас тәрбиеге ие, дені сау және өмір бойы білім алуға ұмтылады, кез-келген өмірлік жағдайда жоғары күрделілік мәселелерін шеше алады. РФММ түлектері үздік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті қазақстандық және халықаралық университеттерге түсіп, бітіреді. Олар еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге белсенді түрде енгізілген және Қазақстанның тұрақты халықаралық қатынастарын дамытуға жәрдемдеседі.
Республикалық физика-математика мектебіне қабылдау - zharqynbolashaq.kz сайтына өтінім қалдыру бойынша жүзеге асады
- Сайттағы өтініміңіз қабылданған болса, қабылдау емтиханына шақырыласыз.
- Маусым айында арнайы комиссия Жаңаөзен қаласына барып, емтихан өткізеді.
- Қабылдау емтихан нәтижесіне сәйкес жүзеге асырылады.
- Қабылданатын сынып: 7-сынып
- Емтихан тапсыру пәндері - логика, математика 30сұрақ - 150 бал.
Тіркелу: 25-мамырға дейін тіркелу ашық. 25-мамыр тіркелу жабылады.
Жаңаөзендегі емтихан күні: 30 мамыр 2026 ж.
| Бағыты | Қай сыныпқа қабылданады | Оқыту тілі |
|---|---|---|
| физика-математика | 7 | Қазақша/Орысша |
