№125 High School мектебі 2026–2027 оқу жылына 9-10 сынып оқушыларын конкурстық негізде қабылдайды.
Қабылдау емтихандарының өтетін күні және орны туралы толық ақпарат instagram желісіне жарияланып, өтінім қалдырған ата-аналардың байланыс номерлеріне қосымша хабарлама жіберілетін болады.
9-сынып бойынша тест талаптары:
- қазақ тілі
- математика
- ағылшын тілі
- тарих пәндері бойынша тест тапсырады.
Әр пәннен – 25 сұрақ. Жалпы – 100 сұрақ, ең жоғары балл – 100 балл.
10-сынып бойынша:
- Қазақстан тарихы - 20 сұрақ
- математикалық сауаттылық - 10 сұрақ
- 2 таңдау пәні бойынша тест тапсырады, әр таңдау пәні – 30 сұрақтан.
Жалпы – 90 сұрақ, ең жоғары балл – 100 балл.
| Бағыты | Қай сыныпқа қабылданады | Оқыту тілі |
|---|---|---|
| Биология-Химия Физика-Математика География-Математика Информатика-Математика Дүниежүзі тарихы-Ағылшын тілі Дүниежүзі тарихы-Адам қоғам құқық География-Ағылшын тілі География-Биология География-Дүниежүзі тарихы | 10 | Қазақша |
| Гуманитарлық, Жаратылыстану | 9 | Қазақша |
