Мамандығын мақтан етеді
Адам жанына араша болып, қауіп-қатердің ортасында жүру — екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс, ол үлкен жанкештілікті талап етеді. Сондай мамандықтардың бірі — құтқарушы. Қиын, бірақ күнделікті тұрмыста қажетті мамандықты таңдаған жас – Иманәлі Ақтілеу. Көкшетау қаласындағы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «төтенше жағдайлардан қорғау» мамандығы бойынша білім алып жүр.



