Қарағанды қ. медициналық колледжі 1935 жылы ұйымдастырылған және Республика мен облыста бірінші орта оқу мекемелерінің бірі болып табылады. Бастапқы кезде медбикелер мен акушерлерге арналған 2 жылдық мектеп болып ашылған.
Мектепте түрлі жылдары денсаулық сақтау облысының белгілі ұйымдастуршылары Алалыкина Г.Н. ,Коломенская Г.А., Раева М.И., Еронина С.В., Макажанов Х.Ж., Рахимбеков М.С. жұмыс атқарған
1937 жылы алғашқы түлектер шықты. Акушер мектебінің түлектері өздерінің азаматттық және кәсіптік борыштарын Ұлы Отан соғысында атқарған. Колледждің түлектері – қаланың белгілі дәрігерлері: Мадыкенова – дәрігер, хирург, медицина ғылымдарының докторы , Тодорова М.П. облыстық бет-жақ емханасының бас дәрігері, Балтабаева Ф.А. – тіс емханасының бас дәрігері және т.б. Біздің колледждің көптеген түлектері тәжірибелік денсаулық сақтау саласында беделді және бас немесе аға мейірбике болып қызмет атқарады.
Соғыс жылдарынан кейін оқу мекемесіндегі дайындық келесі мамандықтар бойынша жүргізілді: фельдшер, акушер, санитарлық фельдшер, тіс техниктері, фармацевт, мейірбике, зертханашы.
Осы жылдар ішінде Республиканың түрлі аймақтары мен ТМД елдерінде қызмет атқарып жүрген 70-ке жуық түлектер шығарылып, 22 мыңнан астам мамандар дайындалды. Көптеген жылдар бойында 1996 жылға дейін колледж республиканың орталық аймағының базасы болып табылды. 1989 жылдан бастап білім беру істері мемлекеттік тілде жүргізіле бастады.
Қарағанды қаласының медициналық колледжі – Қазақстанның көне орта арнаулы оқу мекемелерінің бірі. Жұмыс ұйымдастыруда педагогикалық ұжым медициналық және педагогикалық ғылым мен тәжірибенің дәстүрлері мен заманауи жетістіктерін шебер байланыстырады.
Медициналық
| Мамандық | Қысқаша ақпарат | Мерзімі | Қай сыныптан кейін қабылданатыны | Оқыту тілі |
|---|---|---|---|---|
| 09130100 - Мейіргер ісі | 4S09130103-Жалпы практикадағы мейіргер | 2 жыл 10 ай | 9 | Қазақша |
