Колледж 1940 жылы құрылған. 1996 ж. бұрынғы Темір жол училищесі базасында "№8 Кәсіптік- техникалық мектеп" негізін қалап, 2008 жылдан бастап мектеп "№4 Кәсіптік лицей" мәртебесіне ие болды. 2012 жылы Астана қаласы әкімдігінің №107-638 қаулысына сәйкес Астана қаласының №4 кәсіптік лицейі "Мемлекеттік мекемесі өзгерту енгізуге байланысты Астана қаласы әкімдігінің "Техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта өзгертілді. Педагогикалық құрамы: Колледжде барлығы 32 оқытушы және 12 өндірістік оқыту шеберлері қызмет етеді. Оның ішінде 5-і жоғары біліктілік санатты, 6-ы бірінші санатты, 12-сі екінші санатты. Материалдық-техникалық базасы: Шеберханалар: слесарлық,токарлық цех, дәнекерлеу цехы. Зертхана: UniTrain-Iжүйесі Виртуалдық құрал-саймандар жиынтығы бар өлшеу интерфейсі UniTrain-I жүйесі Электромонтаждау кабиналары UniTrain-I жүйесі Лифт моделі (3 қабаттың) 3 интерактивті сынып, 2 футбол алаңы, кітапхана, оқу залы, ғаламтор, Жастар ісі жөнідегі комитет, спорт залы, асхана, жатақхана. Жатақхананың болуы: Жатақхана бар.
Техникалық
| Мамандық | Қысқаша ақпарат | Мерзімі | Қай сыныптан кейін қабылданатыны | Оқыту тілі |
|---|---|---|---|---|
| 07140500 Цифрлық техника | 4S07140504 Техник-электронщик | 2 жыл 10 ай | 9 | Қазақша |
| 07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану | 4S07320106 Техник-құрылысшы | 2 жыл 10 ай | 9 | Қазақша |
